|


Атырау
Мұнай және Газ Институтының студенті болу, бұл – көптеген
міндет жүктейтін және болашағынан көп үміт күттіретін
жоғары атаққа ие болу ғана емес, сонымен қатар кәсіби
қалыптасу мен өзін өзі жетілдірудің қиын жолын таңдау
да.
Қазақстан
аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуге қабілетті,
кәсібін жоғары деңгейде меңгерген, заманауй ой топшылай
алатын мамандарға зәру. Осындай мамандар дайындау –
біздің институттың парызы. Әр оқу орнының өз тағдыры,
өз тарихы бар. Осыдан жиырма бес жыл бұрын бұл, ешқандай
ерекшелігі жоқ, қарапайым оқу пункті болды десем, сіздердің
таңқалуларыңыз кәміл. Ал, бүгін – бұл өзінің мерейтойын
атап өткен, шетелдік әріптестері оның беделді атын құрметпен
атайтын, мәртебелі ЖОО... Ол жылдары, біз мұндай жетістіктерді
армандаған да емеспіз. Тек өз ісімізді адал, әрі шын
көңілмен атқардық. Қазір Атырау мұнай және газ институты,
білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін мақтана
алады, және де олардың көкейтестілігі мен мазмұндылығы
күмән туғызбайды. Жаңа бастамаларға бағыт беріп, жол
сілтеуші, аса маңызды құжат болып саналатын Президент
жолдауында- қазіргі заманғы білім беру мен білікті кадрлер
дайындау жүйесін дамытуда «техникалық білім беруді
дамытуға айрықша назар аудара отырып, ЖОО желісін оңтайландыру
жүргізілуі керек» деп анық айтылған. Алғашқы іргетасы
қаланғаннан бастап қазіргі кезге дейін институт аймақ
үшін 16000-нан астам маман дайындады. Олар: тау-кен
инженер геологтары, бұрғышылар, геофизиктер, химик-технологтар,
инженер-механиктер, технолог-жетілдірушілер, қаласалушылар,
экологтар, энергетиктер, жобалаушылар, экономистер,
программистер, автомобиль шаруашылығының мамандары,
материалтанушылар, инженер-сарапшылар, балық өндірісінің
мамандары. Атқарылған істің басты нәтижесі- АтМГИ-ның
түлегі – дүниежүзі стандарттары мен уақыт талабына сай
білімі бар, еңбек нарығында сұранысқа ие, жоғары санатты
маман және өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы. Институт,
мұнай және газ өндірістері компанияларында жетекші маман
болып жүрген түлектерімен мақтанады. Атырау мұнай және
газ институты зор сенімділікпен алға басуда және өз
елінің дамуы мен гүлденуіне, экономикалық қуатының нығаюына
белсенді қатыса алатын, жаңа заман мамандарын дайындау
ісіне лайықты үлес қосуда. Біздің институтың өткен өнегелі
жолының тағы бір дәлелі, «Ең үздік техникалық
ЖОО» номинациясы бойынша, құрметті III орын алуы.
Сіздер дұрыс таңдау жасайды және сіздердің мақсатқа
ұмтылысыңыз, еңбексүйгіштігіңіз, өз еліңізге қызмет
етуге деген ниетіңіз, сонымен қатар институт оқытушылары
мен
профессорларының білімі мен тәжірбиесі,, керемет нәтиже
береді деген үміттеміз. Атырау мұнай және газ институтында
оқу нәтижесінде сіздер, өздеріңіз таңдаған мамандықты
жоғары кәсібидеңгейде игересіздер.
Сәттілік,
бақыт және қажымас қайрат тілейміз, құрметті әріптестер!
 
|